Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.06.2022
108
Сағындым қоңыр белді сағым жапқан...
Сағындым қоңыр белді сағым жапқан,
Гөй-гөйді бозторғайы қабындатқан.
Мас қылып ермен, жусан буынды алса,
Мұңыңды қу медиен қалыңдатқан.
Не қалды?
Төзім де жоқ, сабыр қашқан,
Танымай күнде көрген аңырды аспан.
Маң Дала шақырады қолын бұлғап,
Тентек жел төсіне кеп,
Арын басқан.
Шіркін-ай...
Шыға алмадым, шырқырадым,
Орныма бір отырып, бір тұрамын.
Қоздырып одан сайын құштарлықты,
Тамылжып, қыр жақтағы құлпырады үн.
Әттең-ай...
Тіршіліктің торындамын,
Өмір сен, дегеніңді орындадың.
Күресіп жатқан кезде қоғам тұтас,
Кеудемде қырқысады сорым, бағым...
Сағындым қоңыр белді сағым жапқан,
Ақиып, одан сайын қағынды ақпан.
Туған жер топырағың қасиетті,
Кеудеңді ынтызар ғып, қабындатқан.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter