Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.06.2022
160
Тана көзің мөлдіреп, жас тамады...
Тана көзің мөлдіреп, жас тамады,
Тоты көңіл бұйығып, пәс болады.
Сүдініңде сұлулық сұқтандырар,
Елестетер қылығың жас баланы.
Кеттім екен білмеймін қайда лағып?
Бара жатыр махаббат майданы алып.
Сәл ұзасам өзіңнен сағынамын,
Жақындасам туады байбалам, ұқ.
Парасаттық кеткен бе майдаланып?
Түсінбеймін ештеме, ұғынбадым,
Қадамашы көзіңнің сұғын, жаным.
Төрт мезгілде өзгерер ор қояндай,
Саған жайсыз тиді ме, құбылғаным?
Бәрі менің қолымда емес, күнім,
«Пешенеге жазылған...» көп естідім.
Сағынамын бәрібір зарығамын,
Құлағымнан кетпейді көмескі үнің.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter