Өлеңдер ✍️

  19.06.2022
  132


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Әңгүдік бұлттар жөңкиді...

Әңгүдік бұлттар жөңкиді,
Жылқының жалын есіп жел.
Қаймақ-мұз суда көлкиді,
Келетін болсаң кешіп кел.
Сезімің бар ма лықсыған?
Ойыңның бәрі ақ қылау.
Керек жоқ сөзің бықсыған,
Діңкемді құртты қап, мынау.
Әңгүдік неткен кеще еді,
Баладай жасып, жасқандым.
Қатырды жерді – кеш желі,
Жамалын жанның басқан дым.
Салқыны ұрды сәуірдің,
Басылмас әсте сарығым.
Тұрғаны болмай дәрудің,
Тартады мені кәрі құм.
Әңгүдік бұлттар, әңгүдік,
Көпірдің! Көштің! Сабылып.
...Кеудемде менің сан күдік,
Кетер ме шекем шағылып?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу