Өлеңдер ✍️

  19.06.2022
  114


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Қара шашың шалғынды көміп кеткен....

Қара шашың шалғынды көміп кеткен,
Маужырайды қара түн төніп көктен.
Қара көзің мойылдай мөлдірейді,
Жасандырып жіберген елік-көктем.
Қара қасың қияқтай жотадағы,
Нәркес көзің неге тым боталады?
Еркелеші,
Қайда әлгі қыз-қылығың?
Сезімімсің сен менің нотадағы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу