Өлеңдер ✍️

  19.06.2022
  101


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Сезім әсте кеткендей ме солғындап?

Сезім әсте кеткендей ме солғындап?
Тоғай кезіп таба алмадым, шолдым бақ.
Оңып қалған жапырақтар көп мүлде,
Өле-өлгенше әрін бермеу – сол қымбат.
Тәттілігін махаббаттың жай ұқтың,
Сезінбессің, жүрегімнен майыппын.
Күнде барып құр қайтамын,
Жиекке
Соғылатын толқынындай Жайықтың.
Көңілімді қара бұлт кеп апшыған,
Сезіміңде бар еді ғой нақ шүбәм.
Күнбағыстай ауа салдың шуаққа,
Кім болды екен бақ-гүлімді қақшыған?
Сезіміңді маған деген сарықтың,
Сонда да мен күтуменен зарықтым.
Болашағым бодан болды бекерге,
Сәулесінен ажырады жарық күн.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу