Өлеңдер ✍️

  19.06.2022
  104


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Қанаты ауыр қара бұлт тұмшалады...

Қанаты ауыр қара бұлт тұмшалады,
Дыңылдады жүректің мұң-шанағы.
Жасы жуып ақ жүзін ару тұрды,
Жоғалған-ау сірә да гүл шағы, әні.
Сәмбі тал жоқ көз тартар...
Жұрын ғана,
Сексиеді сүйкімсіз,
Бұрынғы ада.
Түксиеді қара бұлт түршіктіріп,
Таусылыпты жапырақ жырымдала.
Қаңбақ қуып ессіз жел жынданады,
Көрінбейді жайдары күн қабағы.
Бозарыпты күллі әлем сұрқай тартып,
Керек десең ауа да дымданады.
Күн күркіреп, мен болсам – күрсінемін,
Таба алмадым көңілдің бір шын емін.
Қара бұлттың астында қала көрме,
Аққу-қазым, шуақта жүрші менің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу