Өлеңдер ✍️

  19.06.2022
  110


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

«Ғашық жүрек созады саусақтарын»...

«Ғашық жүрек созады саусақтарын»,
Білді ме екен арамыз алшақтарын?
Бірақ, бірақ махаббат – мәңгі жастық,
Ұмытпассың өмірдің бал шақтарын.
Көңіл жүйрік, сенімен тілдеседі,
Елес бәрі бір жүрген күн кешегі.
Көрмесе егер өзіңді жадау жүрек,
Махаббаттың не екенін білмес еді.
Сағынамын көзіңнің қарашығын,
Жасыра алмай жәутеңдер сара шынын.
Кеудемдегі жанымның бөлшегісің,
Өзің ғана, еркем-ау, бар асылым.
Сезімімді шашпағай, бағалағын,
Сен – айна көл, мен – ұшқан шағаламын.
Тартылмасын Аралдай махаббатың,
Ол суалса – мен ғайып, жоғаламын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу