Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.06.2022
93
Шырылдама бекерге, шыбын жаным...
Шырылдама бекерге, шыбын жаным,
Керегі жоқ кеудеме тығылғаның.
Сүлдерімді сүйреттің сүріндіріп,
Алып жүрген арқалап жүгің мәлім.
Түк шықпады үніңнен адағанда,
Мықтылар кеп зорлық қып сабағанда.
Мүкәмалсыз біз жүрміз арып-ашып,
Кетер ме екен бұйырмай балағанда?
Түгеседі тауқымет тағатымды,
Бірді соқты Мәскеуің жаңа түнгі.
Ежелгі әдет: ойланбай қолымдағы,
Түзеп қойдым ескілеу сағатымды.
Көрпе жауып түтіннен қала тынды,
Ұша алмадым көтеріп қанатымды.
...Соқты ма екен шатаспай мерзімінде,
Қоңырауын Мәскеуің жаңа түнгі?..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter