Өлеңдер ✍️

  19.06.2022
  123


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Пірге ілесіп, әмбимен жолығыстым...

Пірге ілесіп, әмбимен жолығыстым,
Періштемен періште болып ұштым.
Пайғамбарлар сөз айтты парасатты,
Жөн үйрендім Абызға қонып үш күн.
Қыдыр көрдім, Бақ көрдім
Есендестім,
Енді ала алмас бұдан соң есемді ешкім.
Пенделердің арасы пәтуасыз,
Періштелер ішіне көшем...
Көштім.
Құтылдым ба бәлелі былықтардан...
Табылады қашан да қылық қардан.
Пері қызы Бекторы сылаң қағып,
Кес-кестеді жолымды құрып қалған.
–Қонып аттан, бекзада, жат үйде, ұйықта...
Алпамыстай ашулы ақидық па.
Пері кетті жайына...
Періштемен –
Аяқ бастым бағзыдан бақилыққа.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу