Өлеңдер ✍️

  19.06.2022
  124


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Ырыққа көнбейді:

Ырыққа көнбейді:
Теперіш тірлікте көп мүлдем.
Қасірет меңдейді,
Жүнжідім, ынжық боп кеттім мен.
Пұшайман ғұмырдан,
Жалықтым, қаңғырып өлем бе?
Қайнайды зығырдан,
Мұңымды шағамын өлеңге.
Келмейді ыңғайым,
Сабылдым, тентіреп сенделдім.
Тең болды жылға – айым,
Сезімді өлтіріп көмгенмін.
Томармын тамырсыз,
Келешек күндерге бал аштым.
Пендемін қадірсіз,
Мұңы бар кеудемде алаштың.
Нетемін?... Жалықтым,
Алдымда асусыз адыр бар.
Тағдыры халықтың,
Белгісіз... шағылдар... қабір бар...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу