Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.06.2022
186
Күн кешеміз: көңіл күпті, дызығып...
Күн кешеміз: көңіл күпті, дызығып,
Әжептарқы күлкілерге қызығып.
Кереленіп, кердеңдейді кейбіреу,
Баққа оранып, түсінбейтін біз ұғып.
Пақырана пенделер ғой, пенделер,
Құдай бәлкім тозағыңда теңгерер.
Шамдалдардың самаласы шашылған,
Ақпейілдер алла үйіне жерленер.
Хауыздарда зәм-зәм суы сылдырар,
Басылар-ау хорды көріп бір құмар.
Зұбаржаттан алқа таққан күлім көз,
Кәнизактар бәйіт айтып, жыр ғылар...
Махалланың көшесінде бұзылып,
Қарамаспыз болмас затқа қызығып.
Кердеңдей бер кереленіп, кейбіреу,
Ғұмыр кешем түсінбейтін Сіз ұғып...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter