Өлеңдер ✍️

  19.06.2022
  111


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Көктемнің түні ызғырық...

Көктемнің түні ызғырық,
Суынған менің сезімім.
Бермейді өмір бізге ырық,
Күңгірттеу – тірлік, мезімін.
Жанарға жүрмін шық байлап,
Көзіме тұтып кірбіңді.
Үмітім алдан шықпай қап,
Өлтірдім ішіп бір күнді.
Көңілім жатыр аһ ұрып,
Жүрегім қалды қанқақсап.
Тереңге тәлей батырып,
Қиырға атты қаңбақша ап.
Сенделдім сосын сенделдім,
Көшені кезіп, тентіреп.
Хатыңды оқып емделдім,
Болдың ғой, қалқам, сен – тірек.
Тырбанам өрлеп, шатқалда,
Шығарар өмір үкімін.
Бақытым болып ақ таңда,
Келесің қашан, үкілім?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу