Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.06.2022
114
Шапағымды батысқа алып кетті күн...
Шапағымды батысқа алып кетті күн,
Шуақ шашар нұрым жоқ қой, көп – мінім.
Топырақ боп жерде жатсам бүр гүлге,
Тиер ме еді тым құрмаса септігім?
Батар күннің қызылына құнығам,
Арай-шапақ, көңілімнің мұңын ал.
Кемпірқосақ өтейінші үстіңнен,
Басқа әлемге күні – керім, түні – бал.
Қоңыз теріп жүргенімнен сол артық,
Қарама аспан, көздеріңді алартып.
Батар күннің қызылына айналам,
Мен де бір күн болмысымды жаңартып.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter