Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.06.2022
1308
Ақ халатты абзал жандарға арнау
Алғысым көп ақ халатты абзал жандарға,
Араша түсер бұлардан артық жан бар ма?
Шипалы қолы дертіңе дауа, ем болып,
Қиналып келіп, күлімдеп қайтқан жандарға.
Араша түсер себепкер болып жаныңа,
Ауру көп қой есебі жоқ санында.
Өз кәсібін терең меңгерген дәрігер,
Қарайды бәрін тексеріп дәрет, қаныңа.
Қаншама адам ауырып жаннан түңілген,
Рақатқа батып, тыныстап жаңа көз ілген.
Қызуын өлшеп, дәрі беріп, ине салып, маза жоқ,
Көресің ылғи мейірбикелерді жүгірген.
Осылай міне, ғұмырыңа қосып үлесін,
Жалғастырып, ажалға қарсы күресін.
Айт – айтпа, бәрі түсінікті емес пе ?
Сауапты да, жауапты қызмет екенін білесің.
Майдан Сәпиев.
Біржан ауылы.
Араша түсер бұлардан артық жан бар ма?
Шипалы қолы дертіңе дауа, ем болып,
Қиналып келіп, күлімдеп қайтқан жандарға.
Араша түсер себепкер болып жаныңа,
Ауру көп қой есебі жоқ санында.
Өз кәсібін терең меңгерген дәрігер,
Қарайды бәрін тексеріп дәрет, қаныңа.
Қаншама адам ауырып жаннан түңілген,
Рақатқа батып, тыныстап жаңа көз ілген.
Қызуын өлшеп, дәрі беріп, ине салып, маза жоқ,
Көресің ылғи мейірбикелерді жүгірген.
Осылай міне, ғұмырыңа қосып үлесін,
Жалғастырып, ажалға қарсы күресін.
Айт – айтпа, бәрі түсінікті емес пе ?
Сауапты да, жауапты қызмет екенін білесің.
Майдан Сәпиев.
Біржан ауылы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter