Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.06.2022
120
БІРЖАННЫҢ ƏНІ
Жаралып па едің,
Мəңгілік оттан жасыннан?
Айтпайсың маған
Қымбатсың қандай асылдан.
Оралмас мəңгі арманым болып,
Дариға-ай!
«Жиырма бес жас» өтіп барасың басымнан.
Қонды ма маған өзендей асау арының?
Түсті ме маған
Сағынтар сиқыр жарығың,
Жиырма бес жас,
Бір қымбатыңмен құпия
Өкініш болып
Өзегін жардың кəрінің.
Жиырма бес, сенің
Қай жұмбағыңды таниын.
Жыл құсы сынды
Кететініңе налимын.
Бұлдырап алдан таулардай талап көрсетіп
Елес беріп ең
Арманы болып сəбидің.
Сезінер ме едім,
Қалқаңда қандай сыр барын
Енді жоқ бізге
Мойныңды қайтып бұрмағың,
Қалықтап тұрған
Бозторғайы да даланың
Қайталайтындай
Біржанның тылсым ырғағын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter