Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.06.2022
128
ӨЛЕҢ ОҚУ
Нығыз басып,
Тіп-тік ұстап бойыңды.
Сөзбен сомдап алтын ақыл ойыңды.
Жұрт алдына шығып келе жатырсың
Сен, шынымен елің сүйген ақынсың.
Есіңе алып Жұмекендей ақынды,
Есіңе алып дауыл өртті Қасымды,
Сəл көтеріп қабағың мен қасыңды,
Жанарыңнан ойнатасың жасынды.
Жанды тербеп көкейкесті дауысың,
Қыран құстай жаңғыртатын тау ішін
Көк дойырды тастағандай дау үшін
Көк семсерді қайрағандай жау үшін.
Құшақ жайсаң жүрегіңді ашқаның
Көтергендей азат елдің аспанын
Соның бəрі бір сəт еді қас-қағым
Сен тебіреніп, өлең оқи бастадың.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter