Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.06.2022
143

ШАШУ
Қыюадан қауыштырды,
Бұл Іледе ырыс-құт.
Бағдар етіп алыс қырды,
Əзілдестік – күлістік.
Бар өмірді сол арада,
Бастағандай жиналып,
Қоштасқанда бар өмірмен
Қоштасқандай қиналдық.
Тойға арнаған əжеміздің
Ақ құрттары секілді
Шашқандай-ақ бəрімізді
Мақсаттарға не түрлі.
Жүректерде көшеді сең
Қимастықтың жасымен.
Ал уақыт өте келе
Ұмытармыз расымен.
Осы өмір, осы қоғам,
Талайларды сынаған.
Қажымаған. Жасымаған
Болады екен ұлы адам.
Бір мойын-ау қоғам заңы
Адам оның керісі.
Туған елге қашандағы,
Зəрудейміз ер ісі.
Қазір біздер бəрін мұнда
Бестағандай жиналып
Қоштасқанда барлығын да
Тастағандай қиналдық.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇