Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.06.2022
128
ЖƏРКЕНГЕ
Жəркен, сенің мекенің – Жəйір атты тау еді,
Қазық батпас шымы бар, қойнауы бар мəуелі.
Мына мен де сол жұрттан сенен кейін келіп ем,
Бір сəлемін сол елдің мен айтайын əуелі.
Отырасың тым-тырыс, жаның өлең шақырып,
Талант берді бұл ғұмыр бал мен уға сапырып.
Елге деген махаббат бітпейтұғын поэма,
Жерге деген сағыныш таусылмайтын тақырып.
Бақытына қанағат ете қоймас əр пенде,
Мың кісінің сезімі,
тағдыры да бар сенде.
Сыйлық біткен сытылып қолға түспей жүрсе де,
Жыр жазғанда жан жетпес Бөдешұлы Жəркенге.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter