Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.06.2022
125

СҰҚТАНУ
Оң бармағын тіреп қасқа тісіне,
соған тастап тақыр бастың салмағын,
қабырғаға қарап қалған кісіге
бір бəлелі ой түскенін аңдадым.
Көз алдында
тауы, суы, алқабы –
«Қазақстан» деген сұлу картаны
көкаязға керіп қойған терідей
шегелері тұс-тұсына тартады...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter