Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.06.2022
230
![](/uploads/shorttexts/author_image/20180115153131607-small.jpg)
КӨНЕНІҢ КӨЗІ
Кім айтып еді «көненің көзі» дегенді?
Оятып бұл сөз ұйқыда жатқан өлеңді,
көңілім солай көненің көзін іздеді.
Көнеріп қалған сияқты болдым мен енді.
Туған жеріңді сағынып, аңсап барасың.
Көңілмен сүйіп көгалын, тауын, даласын.
Туған ел саған жатырқап сонда қарайды
танымайтындай тарландау тартқан баласын.
Жоқ, – дейді, – елде Махмұт пенен Қабиды.
Қарттарым еді қазына жүрек жаны игі.
Кім енді менен шалқалап сəлем алады!
Кім енді мені тегімнен тартып таниды?
Көнеден қалған жоталар менен төбелер
Ақынның жанын аялап үнсіз налиды.
Елде жоқ, – дейді, Махмұт пенен Қабиды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter