Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.06.2022
196
ЖАЛҒЫЗ ОТАН
Жүрегімнен жария етем баршаға,
жалғыз дара сүйемін деп мен сені.
Жалғыз Отан, көтеремін арқама
Болмасам да жауырынды, еңселі.
Жалғыз Отан, көтеремін төбеме,
Төбем биік болмаса да тым ерен.
Бар салмағың түсіп менің денеме,
топыраққа батып тұрсын тізеден.
Басыма тік көтерейін, Ұлы Отан!
Ғазиз басым тек сен үшін, сүйікті ел!
Ұлы сүйіп махаббатпен орасан
көтерген ел мəңгі болар, биіктер.
Ұлы мақсат қайрат берер, бақ берер.
Көтере алсам – мың ғұмырға жетер іс.
Көтергенде биіктемей жатса егер,
Халқым менің, қасыма кел, көтеріс.
– Алла бір,
Алла жалғыз –
Алладан басқа құдай жоқ.
– Қазақ бір,
Қазақстан жалғыз,
Қазақстаннан басқа Отан жоқ!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter