Өлеңдер ✍️

МҰРЫН ШҮЙІРУ
Қайратыңа парасатың жарасқан,
ақын едің озу үшін таласқан.
Шыр айналып жер тарпыған кермеде,
арғымақ ең.
Жүдеу тұрсың сен неге?
– Сөз ашсам-ақ бас салар деп жүр едім,
бəрі сонан басталар деп жүр едім,
Жуытпады, ұстатпады білегін,
Жерге қарап қалды менің телегім.
Зауқым құрып, ауырлады жүрегім.
Қызғаныштан, қызығудан жүдедім.
– Махаббат па? Адамдармен салғасып
жүреді ол да табанымен жер басып.
– Жүру үшін екі аяғы болмай ма?
Екеу болса тұсар едім, ол қайда?
– Енді білдім, жаныңды жеп арманың,
қиялыңды тұншықтырып алғанын.
Екі аяқтың бірі – күмəн жанды жер,
қызғанасың, үзе алмайсың сен күдер.
Енді бірі – қызыққаның шын болса,
махаббатсың тіршілігің тынғанша.
Сені сүймей сүйген болса басқаны,
ол бейбақтың махаббаттан қашқаны.
Ал, сабыр ет, мұрын шүйір.
Бұлда өзіңді азырақ.
Суынасың қазір-ақ.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter