Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  115


Автор: Алмас Ахметбекұлы

ҮНСІЗ ОЙҒА ЖАЗДЫМ ЖЫР

(Этюд)
Сары алтындай сөз тауып,
соған айтам деп едім.
Көңіліме алып бір қауіп,
сөздерімді бөгедім.
Жан баласы ықсырар
тұңғиық көз екен бір.
Тұңғиық көз жалғыз қыз
қыз ішінде шетен жүр.
Көзіңе бір қарайын
Сəл-сəл ғана күлімде.
Мен іздеген арайым
бар секілді түбінде.
Тынысымды түйнейді,
түйсіктерім алқынған.
Тартына қап билейді
сезікшіл қыз, салқын қан.
Сабырыңды қой, жаным!
Топ ішінде жарқылда.
Жаның тұр ғой баспалап
жанарыңның артында.
Би үстінде əзілге
жеңіл сөздер табылды.
Жеңіл сөзбен сен қайтып,
жұбатасың жаныңды.
Көп күдікке берілме,
сөз етеді сізді кім?
Ат сүрінер кедірде
тежемесең тізгінін.
«Бір көргеннен ғашық боп
қалдым» десең ар мына
сенбес оған.
Ендеше,
қорғаныңнан қарғыма.
Қамай салдың дуалға
қарғымайды қой байғұс.
Сабаңа түс, суқаным,
қой мінезіңді олай түс.
Сенің жүрегің үшін
жазылған жоқ заң əлі.
Ертектерге ұнасын
ғашықтардың заманы.
Не болды өзі?
Тумыста
мұнша жасық емес ем.
Саған айтар сөздерім,
оңар екен не десем?
Қойшы, жаным,
соныңды
демей-ақ қой демесең.
«Дыбысыңды шығарма» деп
ауызын басқан шешесі,
ақындықтың жас түйсігі
жүрегімде бол есен!
Міне, сабыр, сабырлы
кісі болдым мен өстіп.
Сезім бейбақ денемде
тімтінеді емексіп.
Енді тұнық көзден мен
үнсіз ойға жаздым жыр.
Жыр жазғанда қыз жаққа
оқыс қарап қалдым бір.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу