Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.06.2022
190

ДЕПУТАТҚА
(Жер туралы заң қаралғанда)
Мына жерді қайран бабаң
қайтсе-дағы сақтады.
Дала – гүл-гүл
Қызы – бұлбұл,
дүлдүл еді аттары.
Өтті дəурен,
өткенінше.
елдік антын ақтады.
Туған ана сияқты бұл даланы
Жаңбыр шайды
Күн қызуы қақтады.
Сендер ме едің,
«Ұлымыз» деп тапқаны!
Сен отырсың анаңның
омырауын ойып-ойып
сатқалы!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇