Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.06.2022
95
САРҚЫН
Бір балақай сүп-сүйкімді тілі анық,
сахнаға жалғыз шықты сұранып.
Жыр оқыды көпке қарап, ел тынды.
(Тілім тасқа) сөздері тым серпінді.
Ашу қысып, кіп-кішкентай жүрегін,
сөздерінен бұрын сілтеп білегін.
Тастүйіп ап жұдырығын жұп-жұмсақ,
пейіліне бар бітімін тұр жұмсап.
«Халқым менің» деп бастаса сөздерін,
көкейімді қарып тұрды сезгенім.
Жыр оқылды.
Мақтады жұрт баланы:
– Пəле ғой – деп ыржың-ыржың қағады.
«Халқым менің...»
Бар жігерім сарқылып,
Жұртқа қарап тұрдым бір дем алқынып.
Бағдары жоқ жүрді денем далада,
Не ойладым?
Қайдан келдім бағана?!
«Халқым менің» дегіздік-ау балаға –
Енді бізді табаласаң, табала.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter