Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.06.2022
133
ТҮСІНІКСІЗ ƏҢГІМЕ
Сəулем-ай,
маған өткізбек боласың сөзіңді,
маңайымыздан қарастырасың
өлеңімдегі сезімді.
Жаным, сенің ренішің мені қинады,
түсіріп ала жаздап жүрсің-ау
арамыздағы ибаны.
Ал менің көзұшымда бұлдырайды
қанша еркектің кім үшін жанын қиғаны.
Көкейімде тұнжырайды
қанша əйелдің күбіріндегі иманы.
Жүрегім барда қиынға соғар
пенденің
мені бұл жолдан тыймағы.
Мүмкін, мұны табиғат маған оңаша сыйлады.
Қылыш жүзіндей серт береді кім саған,
Ал, мына біздің даламыз
серт берер ұлға зарыға бір тусаған.
Ендеше мен дала сыйының алдында
елпек баламын ата-анасы жұмсаған.
Ақынның жаны əркімдер үшін
күйік тартады мəңгіге,
мүмкін, ол саған өмір бақи
түсініксіз бір əңгіме!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter