Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  104


Автор: Алмас Ахметбекұлы

АДАСУ

Махаббат, сенен
адасып жүрем кейде мен,
ақпанда, қарда
қалғандай қара жейдемен.
Өмірге елітер елесім едің сен менің,
түңілтіп жүрсің түбі жоқ түнек бейнемен.
Жүрегім менің жүрегі-сынды даланың,
шалғындай қаулап,
гүліндей лаулап жинамын.
Аяла, жаным,
шалғынды байтақ далаңды –
Аяла, жаным,
даладай дархан адамды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу