Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.06.2022
368
Жорға-жүйрік құдалардың жетегі...
Жорға-жүйрік құдалардың жетегі,
Қазір сенің қызыңды алып кетеді.
«Қыз ұзату» – бақыт дейді, – білгендер,
Ал, ақынның қайтып тұрды меселі.
Көңіл солай алабұртып тұрғанда
Беу, Шəуешек, бір кеп-кетсең не етеді!
Беу, Шəуешек, атамыздың шалғайы,
Əжеміздің көлбіреген етегі!
Мойынына асылғандай анамның,
Бір құшақтап иіскесем жетеді.
Беу, Шəуешек,
Бір кеп-кетсең не етеді!?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter