Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  103


Автор: Алмас Ахметбекұлы

ЖЕМІСГҮЛГЕ

Уілжіп піскен жеміссің,
жегісі келмес қай жанның.
Өлеңге əсем өріссің.
Ақтамағыңнан айналдым.
«Гүл» десе гүлсің тым əсем,
Кететін шағың тағылып.
Қай жігіт күтіп тұр екен,
маңдайынан жарылып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу