Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  121


Автор: Алмас Ахметбекұлы

ЕКЕУІҢ

– Не жазып жатсың?
– Өлең ғой, – дедім, – алтыным.
Сүйіктім келіп жанаса тұрды, сəл қырын.
Сеземін оның қабағы кірбең екенін,
Өлеңдерім ғой тигізіп жүрген салқынын.
– Сəл тыным берші, – дедім мен,əнтек өтініп,
Алып қалайын əлгіндегі ойдың сарқынын.
Жадыра,жайна,
Жамалы жаздай, жарқыным!
– Түсімде, – деді
– түсің бе? – дедім.
«Өмірім
налытты мені;
Сен бір сұлуды торыдың...»
– Түсің болғаны жөн екен, – дедім əзілдеп,
аядым іштей қызғаныш басқан көңілін.
Білегін ұстап, көзімнің қарап үстімен,
жымидым:
– Түсің – өлеңім ғой, – деп жорыдым.
Адамнан сені,
өнерден оны сүйемін!
Екеуіңнен де қапы қалмасын күйеуің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу