Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.06.2022
115
ӨЛЕҢІМ ЖАЙЛЫ
Өлеңім жайлы сөз ашқан мына хатыңа
қандай бір жауап айтар екенмін батына.
Ыстық деміңдей
Жырыма сенің іңкəрің
суықсыраған
Үміттің қолын жылытамын.
Жыл көріспеген сый қонағымдай,
Кəдімгі,
қалағаныңа қоямын бірер жырымды.
Бірақ, сен
мəңгі көрмесең екен жанымды
сол өлеңім жазылардан бұрынғы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter