Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  150


Автор: Серік Жетпісқалиев

Сағымды сындырдың-ау...

Сағымды сындырдың-ау,
Жігерді құм қылдың-ау.
Таусылып болмады ғой,
Өмір де құрғыр мынау!
Туымды тулақ еттің,
Қырқылды қайран екпін.
Жүрегім қырық жамау
Өмірден қирап өттім.
Жайраттың жоспарымды,
Жоқ қылдың достарымды.
Өртедің жайлауымды,
Түнерттің аспанымды.
Балта ұрып тамырыма,
Тас аттың жарығыма.
...Білмеймін жырларыма,
Бар ойым дарыды ма?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу