Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.06.2022
92
ОСЫЛАЙ СЫНАЛАТЫНБЫЗ!..
Қарақұс балапанын бағатынбыз,
Қыран етеміз, деп,
Қақ көрсек тырбанатынбыз
Бұлақ етеміз деп.
Төбе көрсек
Тауға шыққандай тебіренетінбіз,
Көк сағым көрсек
Теңіз көргендей еміренетінбіз..
Бір-бірлеп тал егетінбіз
Орман етеміз деп,
Құмнан дауыл соққанда
Қорған етеміз деп.
Жаңбырдың әр тамшысына қуанатынбыз,
Күн жауса
Жан біткенді сыртқа «қуып» шығаратынбыз.
Табанымыз құмға күйіп,
Төбемізді шақшиған күн «сүйіп»,
Ындынымыз кеуіп,
Тамырымыз семіп,
Далада өскен біз
Осылай сыналатынбыз!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter