Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  340


Автор: Серік Жетпісқалиев

НЕМЕРЕ

(Айсанаға)
Ата болып жазайын ақылды жыр,
Аталы сөз айтайын татымды бір.
Тебіренген теңіздей толқынданып,
Жаңа бетін ашқандай ақын ғұмыр.
Кезіме әлі жетпеппін алқынатын,
(Ойымда бір қалқиып шал тұратын)
Немерені көргелі құр аттаймын,
Ерен бақыт шақтары талпынатын.
Өн бойымды барады шаттық кернеп,
Немереге орынды таптық төрден.
Көрмегендей еш қайғы жадырастық,
Жандардайын өмірден бақ-құт терген.
Із қалмаған жанымның жарасынан,
(Бір ұқсастық іздеймін қарасынан!)
Әжесі жүр қызғанып Айсанасын,
Құлыншағын қызғанып анасынан!
Балаңнан да тәтті дер, немереңді,
Өзі көрмей сөзге кім сенер еді.
Төрді айтасың, шындығым ,патша болсам,
Тақтан түсіп орнымды бере едім!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу