Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.06.2022
116
КҮНӘНІҢ ДЕ БИІКТЕР ЖАРҚАБАҒЫ
Бұ күнде талай ұжым жалдамалы,
Бар сөзі қожасына арналады.
Әр басылым иесін қолпаштайды,
Бетіне айтсаң тырысып, шамданады.
Пенделік өрісіңді тарылтады,
Аллаға бұр, ағайын, бар ынтаны.
Өтіп алтын уақытың өкінерсің,
Мұңсыз дәурен кімдерді жарылқады?
Көрер қызық, мән, мазмұн алда бәрі,
Ұқпаған бұл сөзіме таңданады.
Намазға жығылуды созған сайын,
Күнәнің де биіктер жарқабағы...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter