Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  123


Автор: Серік Жетпісқалиев

ЖЫРЫМ-АУ, ТАҒЫ ОРАЛДЫМ САҒАН...

Жырым-ау, тағы оралдым саған,
Аңсаған құстай көктемін.
Айқасуға да қалмады шамам,
Өзіңе өксіп беттедім.
Әлемің қандай әдемі еді,
Аспаның қандай кіршіксіз.
Шаршатты ездің әлегі мені,
Мекенің неткен мүлтіксіз?!
Жырым-ау, мені тосырқамашы,
Кеудеме көктем орнатшы.
Әніме бұлбұл қосылмағасын,
Көңілім қалай толмақшы?
Армансыз күнім, аңғалдау қалпым,
Беу, неткен бүгін қымбат ең?
Сертімдей болсын қоятын шартың,
Қарсы алшы тағы жыр-мекен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу