Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  95


Автор: Серік Жетпісқалиев

ӨКІНІШ

...Кімнен көрейін,
Қайғы шегейін.
Ажалым келмей
Қалай өлейін?
Еш кеткен еңбек
Төккен терім-ай,
Сорлы басымды кімге теңейін?
«Болдым» демейін,
Ойды бөлейін.
Жолда жығылар жан емес ем ғой,
Үміт етейін,
Хаққа сенейін,
Тәуекел етіп
Түрегелейін!
Тағы көрейін...
Тағы жеңейін!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу