Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  107


Автор: Серік Жетпісқалиев

МҰҢ ТУРАЛЫ ЖЫР

Ертеңді-кеш әдетімдей күндегі,
Емін-еркін меңдеп алған мұң мені.
Қайғы мүжіп, қабырғасы ырсиып,
Жан байғұстың қалғандай құр сүлдері.
Жалған ғұмыр жалтылдайды түрленіп,
Жетім кеуде серпілгендей кімге еріп?
Жалғыз жүрек дауыстайды солқылдап,
Тыншытқанда айналаны түн келіп.
Алдарқанып, өтірікті шын көріп,
Жүрсем дағы бәріне де үлгеріп.
Шарасыз ой иттей ұлып, зарлайды,
Айболатпен қалмаған соң бірге өліп.
Таңдайыңды қуырса да у кермегі,
Сездірмейсің, мына дүние ермегің.
Қайғы ішіңде, сыртыңда әсем мұң ғана,
Ұлдан кейін, осы, қалқам, көрмегің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу