Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  174


Автор: Серік Жетпісқалиев

ҚҰСТАР ӘНІ

(Ұлдашқа)
Сұп-суық күз демінен
Жапырақ сарғайғанда.
Құстардың тізбегінен
Бір мұңды ән қалмай ма?
Жабыққан көңіл, шіркін,
Сол әнді ұнатады
Қуантып өмір бір күн,
Ал бірде жылатады.
Ие боп бақтарға да
Міне, енді, күз қалады.
Жан-жағым жаттар ғана,
Жүрегім мұзданады.
Көнесің бәріне де,
Осы ғой өмір деген.
Құстардың әніне де
Бір сәтке көңілденем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу