Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.06.2022
142

Сенен басқа ой қалмай санамда түк...
Сенен басқа ой қалмай санамда түк,
Самолеттер дыбысы алаңдатып.
Ұйықтамадым,
Қызғаныш мазамды алып,
Түрткілейді, найзасын жалаңдатып.
Ашық қалған терезе саңылауы,
Әлсін-әлсін дем үрлеп жағынады.
Барған сайын тынысым тарылады,
Атар емес Құдайдың таңы да әлі.
Бұл қызғаныш кімдерді қинамаған,
Кімге қайғы, кімге мұң силамаған.
…Қалай ғана шашылған сансыз ойды,
“Сенім” деген бір сөзге жинамағам?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇