Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.06.2022
90
ТАҒЫ ДА ҚАЗДАР ҚАЙТТЫ
Тағы да қаздар қайтты,
Қиқулап аспанымнан.
Тағы да мұң-сырды айтты,
Ой әлек қас қағымда.
Биыл да оралмадым,
Қиналдың жас шағыңнан.
Әйтеуір толар бағың,
Қуат ал дастанымнан.
Үмітің үзілмесін,
Қыс өтер, жаз оралар.
Сезімің көз ілмесін,
Сенімді тез оңалар.
Көзге жас тізілмесін,
Мен үшін жаза болар.
Ақ қаздар көк төсіне,
Ақ тілек жаза барар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter