Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  129


Автор: Серік Жетпісқалиев

КЕУДЕМДЕ ЖЫР ҚАЙНАҒАНДА

Аппақ асыл сезімдерім,
Бір сәт мызғып, көз ілмеді.
Ақ қағазға түсті жырым,
Мейірімдей көзімдегі.
Толқын ойым тербеп мені,
Сәбидейін жөргектегі.
Сұлулықтың сырын саз ғып,
Адамдықты келбеттеді.
Кеңістіктің жылы демі,
Мәңгі көктем нұры ма еді?
Ақ қар жапқан ақшаңқан тау,
Арманымның шыңы ма еді?
Жаман пиғыл ұғымы жоқ,
Көңілім шат, сынығы жоқ.
Аспан ашық көрінеді,
Көк айдынның тұнығы боп.
Сандуғаштар сайрағандай,
Ән қалқиды айналамда.
Жұмақ орнап, толғанамын,
Кеудемде жыр қайнағанда!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу