Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.06.2022
250
КҮНСҰЛУ ЖЕҢГЕМЕ
Түңіліп жүрмін,
Түйіліп жүрмін жаза алмай,
Тосыннан соққан
Сорлатып кеткен қазаңды-ай!
Анамдай едің,
Балаңдай едім еркелер,
Аңырап қалдым,
Жалғаннан сені таба алмай!
Шуағы едің
Шаңырағының ағамның,
Шаршап та жетіп,
Таңдай боп талай ағардым.
Сұлтандай қылып қарсылаушы едің,
Жарқылдап,
Туған жерім-ау,
Енді кіміңе барармын?!
Дәл сендей мені
Құрмет тұтпаған бір адам,
Жұбатам қайтіп,
Жүректі мынау жылаған?!
Перзентіңнің бірі мен деп білерсің
Алладан,
«Жәннәтта болсын, жаны» деп
Рахым сұраған...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter