Өлеңдер ✍️

  15.06.2022
  282


Автор: Сұраған Рахметұлы

Бір байғыз шақырады...

Бір байғыз шақырады...
Өтпелі әннің сұлбасы ол (жапырағы?..)
Ай етпеттей құлаған
Көл бетіне:
Алтай шыңы төбесін батырады.
Бұл байғұс – әнші қайғы,
Құзды суға – құлатқан – сәншіл Айды.
Бір ізгі үн саз кешіп,
О, тәңірім!
Сыбызғының көзінен тамшылайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу