Өлеңдер ✍️

  15.06.2022
  128


Автор: Сұраған Рахметұлы

ҚАРАСУДЫҢ ҚАҢҚЫЛЫ

Көңілсіз көктем марғау, жаз ақпандай
Оны мен тағы көрдім:
(Азап қандай?!.)
Кешегі елес күнім
Тек түске еніп.
Кешегі «емес» «мінім» ғажап
Балдай.
Елесі келсе алдыма «тірі өлемін»,
Рухым ұшып қайтқан
Жүреді «өңім».
Жұлынның жіктерінен мұң
Аулаймын,
Тілімнің астына сап жүрек
Емін.
Түн ауыр, кешім кесір, ақырақ таң,
Солайша Гүлді құрсап жатыр
«Ақпан».
Қаңқылы Қарасуда жазулы ақын,
Ол жайлы сыр сұрап жүр
Жапырақтан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу