Өлеңдер ✍️

  15.06.2022
  310


Автор: Шашубай Қошқарбайұлы

ҚЫЗДАР МЕН ШАШУБАЙДЫҢ ҚАҒЫСЫ

Қыздар:
Саған біздер қарамаймыз мойын бұрып,
Жігіттер, ыза қылдың қарап тұрып.
Аспанға қол жетпейтін қол созасың,
Арқадан жаяу, жалғыз қаңғып жүріп!
Шашубай:
Кінә қойдың Арқадан келгеніме,
Жан таң қалар бөкендей желгеніме.
Кәмшат бөрік басыңа кигеніңмен,
Өгіз мініп жүргенің тең келе ме?
Қыздар:
Сең жігіт, сеңсең жігіт, сеңсең жігіт,
Сонда жігіт боларсың, сенсең жігіт.
Қаңғып келдің еліме қайыр тілеп,
Құныңды кім береді өлсең, жігіт?
Шашубай:
Сең қыздар, сеңсең қыздар, сеңсең қыздар,
Сеңсеңімді беремін, жеңсең қыздар.
Қараңғыда найзаға қарсы шауып,
Құныңды кім береді өлсең, қыздар?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу