Өлеңдер ✍️
ЛАҒУ
І
Сансыз ғарыш бекеті, өскен шақ келешек кереметінен бе,
Кету-келу мерез-мерзімнен өтіп, табу-таусылу
безбен-таразысына теңесті.
Жақсы мен жаман аралас ағза боп өтер өмірде мынау,
Жан арғымағы қараңғы-жарық ғаламды қалады.
Қалады сенімсіз Елесті.
Адамзат рухы өз құпиясын сақтап дараланар тұста,
Қысқа жолдарға түсті ең ескі.
Бейнет пен зейнеттің жастығын жастанған,
Өсу өшудің лағынет-ақиқатына мастанған, үздіксіз
жалғасқан
бастау-тұйықтың тұл өңірінде жаман жел есті...
Бұзылмас алып тегершік аунады, жөлер, мимырт
уақыт қимылы
сызады қып-қызыл өңешті.
ІІ
Уақыт-ғұмырдың екінті-ақшам – қырық қайшылық
түрені:
Қыңыр сілемге сүзілген қыналы қайыршақ күледі
дірілдеп.
Кептер оттаған кең пейіл жайлаудағы плиогиппустар
шұлғиды қимастық шылбырының ұшы жүгенінде.
Кейкең даладан талып естілген тарпаң-дүбірге,
Өмір белесінен қаймана әулеті үнін қосады оған
күбірлеп.
Өкше тайғанақ, көпшең көңілдің жасы құрғаған.
Ысынған осынау оқшау керіште:
Қас қағым бейдауа берекеттен ұшынған өңшең
өкпешіл періште:
Басқаның дәмінен ризық-сезім боп ұшады баяғы
теріске.
Арада алшақтық:
Мезгілсіз туған ай аламан ағынды бөгейді «аяғы теріс
кеп».
Қарлы бұрқақтай қаралы таба мен налалар жатты
ләйім жер иіскеп.
Рух таланын іздегендердің мәңгі тойымсыз ындынының
куәсін көрмеген қасиеттер ғана үнсіз.
Қаймыға қарайды ол бізге қайта өнбейтін жандардың
басын тегістеп.
Келешек бүгіннің қызыл күзіндей жел үрген жаққа
жемтігін тастаған жүзімдей ғазал.
Ешкім таласпас өткен шақ іздері тастарда жазулы
ғажап.
Мазақ,түс-қиял секілді даулы тарих шығыстың жұмулы
жұдырығындай,
һәм буулы жанарындай таза.
Беу, бей берекетсіз ғалам дауысы берегіректен
безілдейді үзік.
Өзімшіл көзбенен ішіп-жеп, керағар сөзбен ауырған
сезім де қызық.
Сайтан саралаған жыланбас түйсіктің түбіндегі улы ой
қайырымды рахымынан безеді дүзік.
Селеу қауызына шапағын сепкен күннің табыты жанады,
күндіз қыш-құмда:
Содан ба, бақилық бір ғана тәсілден сиқырлық дауасы
жауады ұшқындап.
Сызық жебесі – ребустар белгісіз бағытты нұсқаудан
бұрын:
Белгісіз біреулер жасаған балбалдар қарайды бізге
мысқылдап.
Көрге кіргенше сана-көзімен өзін кемірген көлгір мыс
реңділер.
Өз тамырымен өздері ағып таусылады қияли кейіптер
түрлі түсіне енді де,
Жүзеді сосын барлық есектер теңдессіз мұхиттың
үйріміне,
Екі аяқты аңдардың артына қарай.
Құлдырау-сөнудің шегіне алқына, баяу... жүзеді мәңгі
адасқан көлгір мыс реңділер.
Барлық даналар өздерін асқазан ашасына іліп
жырлайды
былайғы нәрсіз құлдық ұранын,
Діңіне құрт ұялаған мың ғасыр бұрынғы құнды
мұраның:
Гинибал қан-жынын шайқаған Енесай секілді
дария-уақыт
екенін білмеді бұл ағын.
Көк аспан төрінің көгілжым жұлдызы Рим боп
құлады.
Ал бүгінгі «Иллиада» – аңыз бұрынғы берілген уақыттың
бір ғана шуағы.
Құрым киізге жазылған уағыз жалғани сарғыш
парақтар, тек
қиялдың ғана өрнегін өреді қомағай жандардың қансыз
тілінен салақтап.
Сақталған қымыз үніндей шулаған сана балапандарын
баулып,
Көктеді, Күнзінің жасанды ілімдері тұңғиық үнсіз
алаптан.
Суық сезімнің үстімен жылымдай жылжыған
ашқылтым ілімді
мұндай:
Іс болмады десеңіз адасып кетесіз тағы жұмбақ
ғұмырдағы
жұмбақ ұғымдай.
Үрейлі қозғалыс сыры бір сәттік тәсілің ғана болады
кемсіз,
Қараңғылықтың айрандай ұйыған қара
шымылдығындай.
О, бір күндер мен осындай басқа әулиеліктің жүрегіндегі и,
налыған марғау:
Сәт сайын тықсырған тағдыр тәлкегіндей мағыналы
тірлік
кешу иелеріне табылады арбау.
Жер жүзіндегі әйгілі мүсіндердің барлығын –
тек ғана текті
жылқының құйрығымен жазған.
Милау мыс реңділер үшін бұл қисын жарылмаған дау:
Күлкіңіз келе ме, осылай күйсіз күлікпіз десем:
Иісі-жылқымыз десем,
Құлдар жазу болар еді-ау, әрине, құс іздерінен құлықын
үзбесе.
Басқаны тұтыну, басқаға тұтылу әрекеттері қалай
Таңдалды әу баста.
Оттан да ғажап тағы бір әуре табылар ма еді мүмкін
іздесе?
Шиқаны өршіген бастың құйқасын сыпырған кездіктің
ірің-жолындай,
Қанға шабатын таңба салатын тастан
синантроптардың
Қолындай анық:
Ұлы дүние сырын шұқылап құрғаған милар үшінгі
таластан кейін.
Өз көгінен өзін мәңгі жоғалтып жерге түседі Ес.
«Уф» – десе үрке жөнелетін ертең мен келешек
сұрықсыз күз бұлтындай.
Өткен шақ түс-Елес.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter