Өлеңдер ✍️

  15.06.2022
  111


Автор: Сұраған Рахметұлы

ҮЛГІ

– Көп жыл бұрын көсемнің қап-қара еді
самайы,
Ниетінде күйе бар, ақылы да анайы.
(Алқымы аздап ісіген.)
Сол қара шаш ағарды уақыттың күшімен,
Бірақ арам көңілдің сүт тама ма ішінен?
Аласы көп көзінің ызғарынан үсіп ем.
– Үсігенін өзіңе айта берме өңгені,
Кеше жанған шырағың шашы ағарса
сөнгені.
Өлмелі жел шабынса қайта оралу сәті бұл,
Желпілдеген түндігің уақытыңнан бөлгені.
Мен ойладым ертемен шыңға өрмелеп
жүріп кеп:
Жалған жолдың бетінде
Салмағы ерен шірік көп.
Мына әлемнің барлығын пайдалансам
басыма,
Айнала шаң жұлдыздар айтар ма екен
дұрыс деп?
– Кім біледі жанашыр:
Жаныңнан дәт сұрадым,
Алдымда тұр бірақ та жансар кие-тірі әділ.
Өзіңізден басқаға жақсы ниет жетпесе,
Өмір бар деп өрекпіп алға баспа бір адым.
– Өз ойыңнан тағы да қауіптенбе, жас Батыр,
Бәлекеттің барлығы басқа мазмұн, басқа
Түр.
Құлшылық ет тәңірге, іштей оған жалбарын,
Жалбарын да, ертеңнің өзегі үшін
бас қатыр.
Бас қатырсаң басқаға, ой өргізсең
қатырдың!
Түс көретін қасқалар ояна алмай жатыр ғұн.
Өтінемін, шелекпен сал-ұйқыға су ақтар,
Жаман түстен жадағай ада болғай заманың.
Қайдан білдің, түсінде, ол теңіз көріп,
жаңалық аша ма екен қарағым? – Оу, не деген зұлым ең:
Ойдың сүйрік саусағы әлі жұмсақ, әлі кем.
Мен теңізді көрмегем, көрсем оның
мәні не?
Теңіз сыйған кеуек бас шеттен шабақ
ауласын.
Көктем-ғұмыр, күз-тағдыр
Тайбурылдай зауласын.
Ойың тағы бөлінді, санаң маған қабысты,
Бәстесетін баспенен саған нендей бәлекет,
нендей індет жабысты?
Атаң қазақ астыңа күлік берген шабысты,
Содан бері ерекпін, содан таптым табысты.
Нақ түсінгін сәттерді, шын қабылда ағысты.
Бабаң берген санаңа түсіре көр сәл ұшқын.
Жылқышының баласы: «Ғарышты ойлап ашқан кім?» деген сауал
соңында тілін емген аспанның.
Оңғаныңның белгісі, басын иді сан аға,
Қолын жайды маң ағаш.
Ой бөлінді жолыңа тоңғағындай жас
малдың.
Бір кітапта жазылған жайды оқыса ел
Түсінер,
Ғажайыптың барлығы «Сол тоңғақтың ісі» дер.
Жылқышының баласы жылқы-кітап жаяды,
Көкке қарап кісінер, жерге қарап
пысқырар.
Жер мен көктің арасын жымдастырғаны
үшін Ер:
Кітап дейді жылқыны.
Ал кітапхана дегенің қаттап қойған Кісілер.
Осылайша ерік бер ой түйілген тілге сен,
Ұрттамасаң азырақ өмір мәнін білмес ең.
Ұртқа тыққан тірлікті кандай жаман
күндесең,
Тірі әлемнің осылай аяғында жүрмін мен.
Итпен ит боп таласып,
Тілдесемін бұлбұлмен.
Бұлт қалқиды көгімде оның мәнін
Кім білген?
Ән-күйінен қазақтың
—Арша иісі кісінеп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу