Өлеңдер ✍️

  15.06.2022
  132


Автор: Сұраған Рахметұлы

Иттің көзін шоқыған тауық келіп іңірде...

Иттің көзін шоқыған тауық келіп іңірде,
Қара қарға кебіндей қараңдау сол дүбір не?
Ырылы бар тағының
Тауық қашқан... Қағынып.
Сол сөдегей іңірде түп іргелеп жүгірді Ес.
Өрмекшінің торында уақыттың өрігі.
Көңіліме күн жауды қара лағыл мөрі бұл.
Өркениет дауысын естігеннен не пайда
Соқыр болса жолдыаяқ кім басады бөріні?
Көмір-елес шоқ көмес
Бабам құрған көрігі,
Сол көріктен ағады көкіректің өр үні,
Түндігімнің түбінен сансыз шуақ жарылған,
Ай сынығы сұлаған атамның пәс төрі бұл.
Қап тауынан айланып оқу соққан «несіптей»
Өзгеше сау, сын айтар өршеленбей, өшікпей:
– Біз көрген түс кешегі іс болады кешікпей,
Ай шуағын бөлейді талдан иген бесікке.
Сол уәжден мүмкін-ді,
Қорғалайды еске кек.
Кереметтің барлығы ай кешіккен
Кеште ме еді?
Естегі кеп дүние ертегіге айланбас,
Айланса да алып Жер, айланбайды ол,
дескен ек.
Иттің көзін шоқып қап
Тауық қашты «қыт-қыттап»,
Кісінейді кірме дау, қимыл жанды
шықшытта.
Өткен сәттің белгісін өзіңнен ал, ал сосын:
Жүрегіңмен от тамыз, өкпеңменен бықсыт та!
Шалығы бар есіңнің басы адасу, заты аштық,
Мал жайылған шиырмен майда үнің
матасты.
Білте жақсаң күндіз жақ, сары ізіңде
от қалсын,
Кеше түзу ойлап ек, бүгін тағы шатастық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу