Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.06.2022
152
Адал болмас жұрт қардай...
Адал болмас жұрт қардай,
Ісек-тірлік азып кетті азуында құрт бардай.
Айналып ем сондай сәтте жаздың жасаң
көркіне.
Аққу қонды,
Айдынына ақ жібекті қақ айырып
жыртқандай.
Қаздың маңы жаздың дәмі сылдыр әуен
сыбызғы үн.
Толқын көбік сапырады шуылындай
кымыздың.
Тай жусаған бетегенің алақаны ып-ыстық,
Ит ізінен жыр сызады, күн сызады нығыз Құм.
Сабалақ бұлт сақалында ойнап еді сан
қылыш,
Бүгін марғау күй шертеді таңғы ырыс.
Жан атаулы сезсін дей ме себезгі нәр себеді,
Алатаудың жүзіндегі мәңгі қыс.
Алтай жақтан аунап түскен айналайын сүт бесін,
Босатқандай жанымның тар бүкпесін.
Боз қурайдың боздауындай ауық-ауық
келетін,
Бір мұңым бар қойылмайтын нүктесі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter